Теннис

Президенті Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Президенті Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
ҚР ҰОК

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Штутгарттағы (Германия) WTA турнирінің жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Olympic.kz.

"Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен беделді теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!", - делінген Ақорданың ресми аккаунтында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Штутгарттағы жарыстың финалында украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Ал жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жарыс жолынан шығарды.

Басқа спорттық жаңалықтар