Футбол

Мадридте өткен "эль классикода" бес гол соғылды

Мадридте өткен
report.az

Футболдан Испания премьер-лигасының 32-турында «Реал» мен «Барселона» ойнады.

Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында матчте 3:2 есебімен алаң қожайындары жеңіске жетті.

Алтыншы минутта каталондық команда сапынан Андреас Кристенсен есеп ашты, 12 минуттан кейін Винисиус Жуниор пенальтиден есепті теңестірді. 69-минутта Лопес Мартин алаң қонақтарын қайтадан есепте алға шығарды, алайда төрт-ақ минуттан кейін Лукас Васкес есепті қайта теңестірді. 90+1-минутта Джуд Бедллингем шешуші голды салды. 

2023/2024 маусымында «Реал» 32 кездесуде 81 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші келеді. «Барселона» 70 ұпаймен екінші орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар