Теннис

Рыбакина Штуттгарттағы WTA 500 турнирінің бірінші айналымына сәтті өтті

Рыбакина Штуттгарттағы WTA 500 турнирінің бірінші айналымына сәтті өтті
wtatennis.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штуттгартта басталған WTA 500 - Porsche Tennis Grand Prix жарысын жеңіспен бастады.

Отандасымыз алғашқы ойынында ресейлік Вероника Кудерметованы ұтты. Аса тартысты өткен ойын 2 сағат 35 минутқа созылды. Бірінші сетте Елена 7:6 есебімен басым болып шықты.

Екінші сетте 1:6 есебімен қарсыласына жол берді. Ал үшінші 6:4 есебімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Елена Рыбакина мен Вероника Кудерметова өзара төртінші рет кездесті. Оның үшеуінде қазақстандық спортшы басым болған.

Ширек финалда ол Жасмин Паолини (№14, Италия) - Онс Жабер (№9, Тунис) арасында өтетін ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар