Футбол

Гризманн «Атлетиконың» сұрмергендері тізімінде екінші болды

Гризманн «Атлетиконың» сұрмергендері тізімінде екінші болды
globallookpress.com

12 қарашада Испания чемпионатының 13-тур матчінде «Атлетико» өз алаңында «Вильярреалды» ұтқан болатын, деп хабарлайды "Чемпионат".


Мадридтегі «Цивитас Метрополитано» стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде «Атлетико Мадрид» шабуылшысы Антуан Гризманн 80-минутта бір гол салды.


Осылайша, француз футболшысы мадридтік команда сапындағы 169-голын соғып, клубтың бомбардирлер тізімінде екінші орынға тұрақтады.


Франциялық ойыншының мадридтік клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген.


Transfermarkt порталы ойыншыны 25 миллион еуроға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар