Теннис

Бүгін Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 турнирінде алғашқы матчін өткізеді

Бүгін Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 турнирінде алғашқы матчін өткізеді
wtatennis.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 турниріне қатысады.

Әлемнің 4-ракеткасы алғашқы матчты бүгін өткізеді. Рыбакинаның алғашқы өарсыласы ресейлік теннисші Вероника Кудерметова.

Айта кетелік, Рыбакина мен Кудерметова бұған дейін үш рет кездесіп, үшеуінде де қазақстандық спортшы басым болды.

Штутгарттағы турнирдің жүлде қоры 800 мың долларды құрайды.

Басқа спорттық жаңалықтар