0

ХТФ қазақстандық төрешіге арнайы сыйлық табыстады

ХТФ қазақстандық төрешіге арнайы сыйлық табыстады
ҚТФ

Қазақстандық төреші Меруерт Кәукеева Халықаралық теннис федерациясынан (ITF) арнайы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Kazinform.


Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Кәукеева Испанияның Севилья қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде мінбедегі рефери ретінде қызмет етті. Ұйымдастырушылар қазақстандық қазыға арнайы ескерткіш медаль табыс етті.



Қазақстанда төрешілікті дамыту бағдарламасы екі бағыт бойынша жүргізіліп келеді. Біріншісі – жаңа кадрларды тарту жолымен ұлттық санаттағы қазыларды тәрбиелеу, оқыту. Екіншісі – халықаралық деңгейдегі реферилерді дайындап шығару. Соңғы жылдары Silver badge және Bronze badge санатындағы халықаралық төрешілер сапында Юлия Игнатченко мен Меруерт Кәукеева бекіді. 2020 жылы Юлия мен Меруерт WTA-ның ең талантты қазы әйелдер командасы құрамына кірді.

Басқа спорттық жаңалықтар