Футбол
Месси мен Марадонаның басты айырмашылығы айтылды

sport-express.ru
Миландық "Интердің" вице-президенті Хавьер Дзанетти Аргентинаның футбол тарихындағы ең мықты екі футболшы - Диего Марадона мен Лионель Месси туралы ойын айтты.
Оның ойынша, оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды.
"Бұл екі дәуір ойыншылары. Олардың тағдыры да, өмір жолы да бөлек. Диего - футбол поэзиясы, ал Лионель - футболдың ғылымы", - деп береді Дзанеттидің сөзін Corriere della Sera