Бокс

Қазақстандық бұрымды боксшылар соңғы лицензиялық турнирге дайындықты бастады

Қазақстандық бұрымды боксшылар соңғы лицензиялық турнирге дайындықты бастады
ҚБФ

Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Алматы облысындағы "Ақбұлақ" Олимпиада орталығында жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

Бұл Елдос Сайдалиннің бас бапкер ретіндегі алғашқы жаттығу жиыны. Жаттығу жиынының басты мақсаты - боксшы қыздарды Таиландтағы лицензиялық турнирге бабында апару.

Айта кетелік, Таиландтағы соңғы іріктеу турниріне қатысатын боксшылар Астанадағы спаррингтік жарыста анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) Олимпиадаға іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Басқа спорттық жаңалықтар