2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстан Парижге тағы бір жолдама иеленді

Қазақстан Парижге тағы бір жолдама иеленді
olympic.kz

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин осы жазда Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы.

Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 33-жолдама болып отыр. 

Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25005 ұпаймен 31-орынға тұрақтап, Қазақстан командалық есепте топ-25 елдің қатарына енді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ұлттық құрама саңлақтары Париж Олимпиадасының 32 жолдамасына қол жеткізген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар