Еркін күрес

Қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастады
olympic.kz

Еркін күрес стилінде белдесетін қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков Бішкекте өткен Азия чемпионатындағы жеңістен кейін әлемдік рейтингте көш бастады.

АЧ финалында ол өзбекстандық Джабраил Шапиевті жыққан болатын. Осы жеңіс арқасында Азамат 86 келідегі әлемдік рейтингте 52400 баллмен бірінші орынға шықты. Осы арқылы 2020 жылғы Олимпиаданың чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы (2018, 2022, 2023) Дэвид Тейлордан асып түсті. Америкалық балуан 45000 ұпаймен екінші орында.


Басқа спорттық жаңалықтар