Гимнастика

Әлем кубогының шешуші кезеңіне гимнасттар тізімі жарияланды

Әлем кубогының шешуші кезеңіне гимнасттар тізімі жарияланды
olympic.kz

17 сәуір Қатар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогінің шешуші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті. 

Олимпиадаға жолдама ойнатылатын турнирге қазақстандық Нариман Курбанов та бар.

«Алдағы әлем кубогі кезеңінде әлемдегі ең мықты гимнастар жиналмақ. Ал үздіктер қатарына Қазақстан намысын қорғайтын Нариман Курбанов та кіреді. Ол гимнастикалық ат снарядынан Олимпиада жолдамасын алу үшін бар күшін салмақ. Курбанов қазір Париж Олимпиадасына бір қадам жақын қалды. Нариманға бар болғаны өзінен жеңілмеу қажет. Өзі көрсеткен үздік нәтижелерді басты бағдар қып ұстауы тиіс. Егер ол өзінің жарыс бағдарламасын орындап, үздік үштікке енсе, лицензия – қолда. Нариманның әлеуеті әлемдік деңгейде өнер көрсетуге жететінін де ұмытпаңыз», - деп жазылған хабарламада.

Дохада Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Милад Карими де сынға түседі. Ол Олимпиада ойындарына былтыр жолдама алып қойған. Қазіргі таңда ол Париж додасына алаңсыз дайындалып жатыр.

Дохадағы әлем кубогі кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы:

- Милад Карими;

- Дмитрий Патанин;

- Диас Тойшыбек;

- Нариман Курбанов;

- Аида Бауыржанова;

- Дарья Ясинская.

Турнир 17-20 сәуір аралығында өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар