Футбол

"Боруссия" Чемпиондар лигасы жартылай финалына өтті

dailysports.net

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчінде "Боруссия Д" комюэк жасап, мадриттік "Атлетиконы" ұтты. Бұл ойында да камбэк тіркелді. Бірінші ойында 2:1 есебімен ұтылған "Боруссия Д" қарымта ойында есесін қайтарды. Есесін қайтарып қана қоймай, жартылай финалға жолдама алды. Ойында "Боруссия Д" Мадридтің "Атлетико" командасын 4:2 есебімен ұтты.

Алаң иелері бірінші таймда Юлиан Брандт пен Йен Матсен соққан голдардың нәтижесінде есепте алға шықты. Алайда екінші тайм басталар тұста қонақтар есепті қысқартты. 49-минутта Матс Хуммельс өз қақпасына гол соғып алды. Ал 64-минутта Анхель Корреа таразы басын теңестірді.

71-минутта Марсель Забитцер кезекті рет "Боруссия Д" командасын алға шығарды. Араға 2 минут сала Никлас Фуллкруг командасын жартылай финалға алып шыққан голды соқты.

Жартылай финалда "Боруссия Д" мен ПСЖ клубтары кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар