Грек-рим күресі

Қазақстандық Мацуев Азия алтыны үшін белдесуде жеңілді

Қазақстандық Мацуев Азия алтыны үшін белдесуде жеңілді
instagram/kazwrestling_official

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына бір күміс медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Мацуев финалда ирандық Мохаммадхади Саравиден жеңілді. Ирандық балуан 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Мацуев ересектер арасындағы Азия біріншілігінде алғаш рет жүлдеге ілігіп отыр.

Ал 72 келі салмақта қола жүлдеге күрескен Әділхан Сатаев қола медаль үшін күресте қытайлық балуанға есе жіберіп, бесінші орынға табан тіреді. Күрес түрлерінен Азия біріншілігінде грек-рим күресінен Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар