Футбол

ПСЖ сырт алаңда "Барселонаны" талқандап тастады

ПСЖ сырт алаңда
"Чемпионат"

"Барселона" мен ПСЖ Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчін өткізді.

Испанияда өткен кездесу 4:1 есебімен франциялық команданың пайдасына аяқталып, ПСЖ турнирдің жартылай финалына өтті. Алаң қожайындарының бразилиялық шабуылшысы Рафинья 12-минутта есеп ашты.

Ал 29-минуттан бастап Хави шәкірттері азшылықта қалды, Рональд Араухо қарсыласын аяқтан шалғаны үшін алаңнан қуылды Осыдан кейін париждіктер көптігін ұтымды пайдалана білді. 40-минутта Усман Дембеле есепті теңестірді - 1:1. 14 минуттан кейін Витинья ПСЖ-ны есепте алға шығарды. 61-минутта "Барса" қақпасына айып добы белгіленді, Килиан Мабппе 11 метрден дәл соққы жасады. Ал 89-минутта шабуылшы дубль авторы атанды.

Басқа спорттық жаңалықтар