Кәсіби бокс

WBC чемпионы Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

WBC чемпионы Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
vRINGe.com

Орта салмақта WBC ұйымынң "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) өзінің әлеуметтік желісі арқылы келесі қарсыласын таңдау туралы сауалнама жүргізді,.

Адамес таңдау жасауды сұраған төрт қарсыластың ішінен ең көп дауысты (57,9 пайыз) осы дивизионда WBO және IBF титулына ие Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) беріпті.

"Жәнібек, сен билет ұтып алдың! Арум әкейіңмен сөйлес", - деп жазыпты Адамес твиттерде.

Жәнібек жауабын күттірген жоқ:

"Бастығыңмен сөйлес. Өзіңнің кім екеніңді түсінесің! Бұл жерде жазбай-ақ қояйын!", - деп жауап берді Әлімханұлы.


Басқа спорттық жаңалықтар