Футбол

Бүгін Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалистері анықталады

Бүгін Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалистері анықталады
"Барселона" ФК

Бүгін түнде Чемпиондар лигасы ширек финалындағы қарымта ойындар өтеді. Ойындар нәтижесі бойынша жартылай финалға шыққан екі команда белгілі болады.

"Барселона" өз алаңында Париждің ПСЖ клубымен кездеседі. Бірінші ойында каталондық клуб 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қарымта кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Түнгі сағат 00:00-де басталады.

Ширек финалдағы екінші ойында "Боруссия Д" командасы Мадридтің "Атлетико" клубымен ойнайды. Бірінші ойында испандық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Бұл ойынды да Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Басқа спорттық жаңалықтар