Теннис

16 жасқа дейінгі қазақстандық теннисшілер Испаниядағы турнирдің үздік ондығына кірді

16 жасқа дейінгі қазақстандық теннисшілер Испаниядағы турнирдің үздік ондығына кірді
Informburo.kz

Қазақстанның 16 жасқа дейінгілер арасында қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Kazinform.


Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты болды. Қазақстандықтар алдымен В тобында үшінші орынға ие болды. Бастапқы матчта Аргентина құрамасын 2:1 есебімен ұтқанымен, Бразилия мен Ұлыбританияға жол берді. Қосымша жарыста Қазақстан құрамасы Алжирді айқын басымдылықпен тізе бүктірді – 3:0. Содан кейін Колумбия мен Латвияны 2:1 есебімен ұтты.


Осылайша, Марат Шәріповтің шәкірттері әлемнің үздік 16 командасының арасынан 9-орынға табан тіреді. Дүниежүзілік додада ел намысын Полина Слепцова, Анастасия Крымкова және Іңкәр Дүйсебай қорғады. 

Басқа спорттық жаңалықтар