Грек-рим күресі

Тұрсынов алтын үшін белдесуде тағы сол қарсыласынан жеңілді

Тұрсынов алтын үшін белдесуде тағы сол қарсыласынан жеңілді
olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкектегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

87 келіде өнер көрсететін Тұрсыновты финалда ирандық Насер Гасем Ализаде жығып кетті - 5:0.

Еске салайық, Тұрсынов пен ирандық балуан 2023 жылғы Азия чемпионатының да финалында бірінші рет бетпе-бет келіп, ол кезде Ализаде қазақ балуанын 8:0 есебімен жеңген еді. Осылайша, Тұрсынов қатарынан екінші рет Азия чемпионатының күмісін місе тұтып отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар