Грек-рим күресі

Қазақ балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Қазақ балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
OLYMPIC.KZ

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпинатында қазақстандық балуан грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

63 келіде белдесетін Ержет Жарылқасын финалда жапониялық Аята Сузукимен кездесіп, бұл белдесу 6:6 есебімен аяқталды. Алайда, әдіс сапасы жағынан Ержет басым болды. Б

ұл Ержет Жарылқасынның ересектер арасында жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін айта кетейік.

Ержет Жарылқасын 63 келі салмақта ересектер арасындағы ел чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.

Басқа спорттық жаңалықтар