Футбол
ҚФФ Израильмен ойындарға қатысты мәлімдеме жасады
kff.kz
Әйелдер арасындағы УЕФА Ұлттар лигасы турнирінің топтық кезеңіндегі Қазақстан - Израиль (23 қараша) және Израиль - Қазақстан (26 қараша) матчтері бейтарап аймақта өтеді, деп хабарлайды ҚФФ.
Қазіргі таңда Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-мен бірге ойындардың өтетін орнын анықтау мәселесін талқылап жатыр.
Қазақстанның футбодан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы екі матчтен кейін 4 ұпаймен С тобында екінші келеді. Мұның алдында Мадияр Кембілов жаттықтарытн команда сырт алаңда Эстониямен тең түсті (0:0) және Арменияны ұтты (2:1).