Кәсіби бокс

Баходир Джалолов Ташкенттегі бокс кешінде жекпе-жекке шықпай қойды

Баходир Джалолов Ташкенттегі бокс кешінде жекпе-жекке шықпай қойды
NOVA24.uz

Ауыр салмақта Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) пен хорватиялық Агрон Смакичи (20-2, 18 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.

Бұл айқас 14 сәуір Ташкенттегі Humo Arena шаршы алаңында өтетін IBA Champions Night сериясындағы бокс кешіне жоспарланған еді.

Алайда, Баходир бокс кешіне қатысудан бас тартып, онысын келесідей түсіндірді:

"Бакудегі халықаралық турнирде өнер көрсетіп жүргенде, өкінішке қарай суық тиіп қалды. Қазір емделіп жатырмын. Сондықтан, жағдайымды күрделендірмес үшін, менің командам жекпе-жектен бас тарту туралы шешім қабылдады. Түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенемін!" - дейді Джалолов.

Басқа спорттық жаңалықтар