Нысана көздеу
Қазақстандық мерген әлем кубогінде бесінші болды
dknews.kz
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан нысана атудан лицензия берілетін әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Валерий Рахымжан финалға шығып, бесінші болды.
Валерий 10 метрден тапаншамен нысана көздеудің ақтық сынында 176 ұпай жинап, 8 мергеннің арасында бесінші болды. Өкінішке қарай, ол Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады. Жүлде Италия, Беларусь және Германия спортшысына бұйырды.
Іріктеуде отандасымыз 584 балл алып, 4-орынмен финалға шыққан.
Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем Кубогында 76 мемлекеттен келген 466 спортшы шеберлік байқасып жатыр.