Футбол
"Наполи" бүгін бас бапкерін қызметінен босатады
Sports.ru
«Наполи» футбол клубының бас бапкері Руди Гарсия қызметінен кетеді. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлап отыр.
Оның сөзінше, 59 жастағы франциялық маман жұмысынан бүгін кетеді. 12 қарашада команда А сериясының матчінде «Эмполиге» есе жіберді (0:1). Гарсия «Наполиді» биыл жаздан бері жаттықтырып келеді. Ол Лучано Спаллеттидің орнына келген болатын.
Италия чемпионатының 12 тур қорытындысы бойынша «Наполи» 21 ұпаймен турнир кестесінде төртінші келеді.