Теннис

Рыбакинаның Штутгарттағы турнирде кіммен ойнайтыны айтылды

Рыбакинаның Штутгарттағы турнирде кіммен ойнайтыны айтылды
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Штутгарттағы (Германия) Porsche Tennis Grand Prix турниріндегі алғашқы кездесуінде кіммен кездесетіні белгілі болды.

Рыбакина екінші айналымнан бастап, Вероника Кудерметова (19-орын, Ресей) - Барбора Крейчикова (24-орын, Чехия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. Штутгарттағы турнир 15 сәуірде басталады.

Турнирдің жүлде қоры 802 237 еуро. Байқау жеңімпазы 123 480 еуро алады.


Басқа спорттық жаңалықтар