Теннис

18 жастағы Жиенбаева Анталиядағы турнирде жеңімпаз болды

18 жастағы Жиенбаева Анталиядағы турнирде жеңімпаз болды
ktf.kz

Қазақстандық 18 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Анталияда (Түркия) өткен ITF W15 турнирінің финалында жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Қазақстандық жас теннисші финалда түркиялық Йорук Илаймен ойнапп, 7:6 (7:4), 6:4 есебімен ұтты.

Осылайша, Соня ересектер арасында ITF жарысындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

«Бүгін мен үшін осы маусымдағы маңызды күн деп есептеймін. Апта бойы қиын матчтар өткіздім. Психологиялық жағынан да дайын болғаныма өте қуаныштымын. Бәріңізге қолдауыңыз үшін алғыс айтамын», - деді С. Жиенбаева.

Басқа спорттық жаңалықтар