Бокс

Бокстан әлемнің экс чемпионының оқушы қызы үйінің жанынан өлі табылды

Бокстан әлемнің экс чемпионының оқушы қызы үйінің жанынан өлі табылды
boxingtv.ru

Бокстан әдемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Григорий Дроздтың мектеп жасындағы қызы көпқабатты үй маңынан өлі табылды, деп хабарлайды РИА «Новости» сайты «МК» порталына сілтеме жасап.


Оқиға 11-қарашада болған. Басылым мәліметінше, қайғылы оқиғаға дейін аз ғана уақыт бұрын қыздың сабақ үлгерімінің нашарлығына қатысты отбасында ұрыс болған екен. Осыдан кейін әкесі қызының ұялы телефонын алып қойыпты. Қазіргі таңда қыз баланың 13-қабаттан құлағаны ратсалып отыр. 


44 жастағы Дрозд бірінші ауыр салмақта WBC ұйымының экс чемпионы. Ол кәсіпқой карьерасында 40 жеңіске жетіп, бір-ақ рет жеңілген екен.

Басқа спорттық жаңалықтар