Теннис

WTA рейтингін жаңартты. Рыбакина бір саты жоғарлаған

WTA рейтингін жаңартты. Рыбакина бір саты жоғарлаған
instagram.com/lenarybakina

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингін жаңартты.


Жаңа тізімде Елена Рыбакина 4-ші, ал Юлия Путинцева 69-орында өзгеріссіз тұр. Топ-3 тізім де өзгермеген: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ).


Жұптық сында Анна Данилина 56-сатыда орнын сақтап қалды. Ал Рыбакина 118-орынға көтеріліпті. Бұған дейін ол бір саты төмен тұрған. Мұнда да топ-3 тізімде өзгеріс жоқ: Сторм Хантер (Аустралия), Элизе Мертенс (Бельгия) және Кори Гауфф (АҚШ).

Басқа спорттық жаңалықтар