Мессидің MLS-те қанша табыс көретіні айтылды
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан АҚШ чемпионатында (MLS) табысы ең көп ойыншы болып отыр.
Месси былтыр "Интер Майами" командасымен 2025 жылға дейін келісімшартқа отырған.
O Tempo басылымының мәліметінше, Лео қазіргі клубында жылына 20,4 миллион доллар алады екен және бұл сыйақылар мен жарнамадан түсетін пайданы есептемегенде.
MLS-тегі табысы ең жоғары 10 футболшы:
1. Лионель Месси ("Интер Майами") - 20,4 миллион доллар;
2. Лоренцо Инсинье ("Торонто") - 15,4 миллион доллар;
3. Джердан Шакири ("Чикаго Файр") - 8,1 миллион доллар;
4. Федерико Бернардески ("Торонто") - 6,3 миллион доллар;
5. Себастьян Дриусси ("Остин") - 6 миллион доллар;
6. Дуду ("Палмейрас") - 5,4 миллион доллар;
7. Эктор Эррера ("Хьюстон Динамо") - 5,2 миллион доллар;
8. Серхио Каналес ("Монтеррей") - 5 миллион доллар;
9- 10. Андре-Пьер Жиньяк ("Тигрес") - 4,6 миллион доллар, Рафаэль Сантос Борре ("Интернасьонал") - 4,6 миллион доллар.