Еркін күрес

Асыл Айтақын күрестен Азия чемпионатының финалына өтті

Асыл Айтақын күрестен Азия чемпионатының финалына өтті
Күрес федерациясы

Қазақстандық балуан Асыл Айтақын еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

61 келіде бақ сынайтын ол жартылай финалда үндістандық Акаш Дахияны 11:0 есебімен жеңді. Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола иеленді. Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола жүлде, Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс медаль еншіледі.

Басқа спорттық жаңалықтар