Футбол

"Астананың" бұрынғы бапкерін мәскеулік клубтағы қызметінен босатты

"Астана" ФК

Ресейлік "Спартак" клубының спорттық және техникалық директоры Пол Эшуорт қызметінен кетті, бұл туралы мәскеулік команда хабарлады. 

«Полға жүзеге асырған жобалары үшін алғыс айтамыз және болашақта сәттілік тілейміз», - делінген клуб хабарламасында. 

54 жастағы футбол бапкері әрі функционер «Спартак» футбол клубында 2022 жылдан бастап жұмыс істеді. Ал оған дейін Эшуорт қазақстандық «Астана» клубында 2019-2020 жылдары қызмет атқарған. Алдымен ол атқарушы директор болды, ал Михаил Билек қызметінен кеткенде бапкердің қызметін атқарушы болды. 


Басқа спорттық жаңалықтар