Еркін күрес

79 келіде белдесетін Өміржанов Бішкектегі АЧ-де текбесінші болды

79 келіде белдесетін Өміржанов Бішкектегі АЧ-де текбесінші болды
olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық балуан Азамат Өміржанов қола жүлде үшін белдесуде жығылды.

Еркін күрестен 79 келі салмақ дәрежесінде күресетін Өміржанов кіші финалда өзбекстандық Асомиддин Хасановтан жеңілді.

Аталған екі балуан да финалға өткен моңғолиялық Баямбадорж Енхбаярдан жеңілген болатын.

Өміржанов жұбаныш белдесуінде жапон балуаны Рюнсуке Камиядан 6:2 басым түсті. Осылайша, ол Азия біріншілігін 5-орында аяқтап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар