Теннис

18 жастағы қазақстандық теннисші ITF W15 турнирінің екінші айналымын сәтті өтті

18 жастағы қазақстандық теннисші ITF W15 турнирінің екінші айналымын сәтті өтті
marieclaire.kz

18 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың екінші айналымында Жиенбаева осы турнирдің 1-ракеткасы, 18 жастағы ресейлік Александра Шубладзені екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты.

Енді Соня жартылай финалға өту үшін аустриялық Мавие Остерейхермен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар