0

Құзға өрмелеуден әлем кубогына аттанатын құрам іріктелді

Құзға өрмелеуден әлем кубогына аттанатын құрам іріктелді
Olympic.kz

12-14 сәуір аралығында Қытайдың Уцзян қаласында құзға өрмелеуден әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Ришат Хайбуллин, Әмір Маймуратов, Тамара Олжабаева мен Бекнұр Алтынбеков сынға түседі.

Аталған турнирге 31 мемлекеттен келген таңдаулы 235 спортшы қатысады.

Әлем кубогының бағдарламасы төмендегідей:

12 сәуір Күрделілік және жылдамдық бойынша іріктеу;

13 сәуір Күрделілік санатында жартылай финал Жылдамдық бойынша финал;

14 сәуір Күрделілік бойынша финал (әйелдер), Күрделілікбойынша финал (ерлер).

Басқа спорттық жаңалықтар