Кәсіби бокс

Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегінің уақыты айтылды

Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегінің уақыты айтылды
Main Events

WBC ұйымының орта салмақ рейтингінде бірінші тұрған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.

Боксшының командасына жақын дерекөз мәліметінше, Мейірім рингке биыл мамырда оралады. Алайда жекпе-жек орны мен қарсылас есімі әзірге белгісіз.

Мұның алдында Нұрсұлтанов келесі айқасын орта дивизионда WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) өткізетіні туралы ақпарат тараған еді.

Еске салайық, бұл салмақта IBF және WBO белбеулері Жәнібек Әлімханұлында (15-0, 10 КО).

Басқа спорттық жаңалықтар