Кәсіби бокс

Промоутер Головкин неліктен чемпиондықтан бас тартқанын айтты

Промоутер Головкин неліктен чемпиондықтан бас тартқанын айтты
boxingscene.com

Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы барлық титулдарынан неге бас тартқанын түсіндірді.

Еске салайық, 2023 жылы Головкин орта салмақта IBF және WBA титулдарын босатып, Эскива Фалькао мен Эрисланди Лараға қарсы міндетті жекпе-жектерден бас тартқан еді.

"Мұның мәнісі қалмады. Геннадий карьерасында биікке жетті. Ол титулын талай қорғады: Лондондағы O2 Arena шаршы алаңында Келл Брукпен айқаста ине шанжар жер болмады, 2022-де Риота Муратамен шыққанда Saitama Arena-да барлық билет сатылды. Монакодағы тамаша кешті айтуға болады, Мартин Мюрреймен жекпе-жегін тамашалауға ханзада Альбер мен ханшайым Шарлен рингсайдта болған. GGG бокста мақсатының бәріне жетті деп ойлаймын", - деп береді Леффлердің сөзін Boxingscene.com.

Басқа спорттық жаңалықтар