Футбол

"Барса" Чемпиондар лигасы ширек финалындағы бірінші матчте ПСЖ-ны ұтты

AFP

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы ойынында «Барселона» сырт алаңда ПСЖ командасын ұтты.

Парижде өткен кездесуде каталондықтар 3:2 есебімен басым түсті. Жеңімпаздар сапынан Рафинья (37 және 62-минутта) дубль жасады және Андреас Кристенсен (77) бір гол салды.

франциялық командадан Дембеле (48) мен Витинья (51) бір голдан соқты

Енді «Барселона» мен ПСЖ арасындағы қарымта ойын 16 сәуірде Барселонада өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар