Еркін күрес
Азия чемпионатында қазақстандық төрт балуан алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
Ашық дерекөз
Қырғыз елінде басталған күрес түрлерінен Азия чемпионатында төрт қазақстандық балуан алғашқы белдесулерінде жеңіске жетті.
70 келідегі Мейіржан Әшіров түркіменстандық Перман Хоммадовты жеңсе, 97 келідегі Ризабек Айтмұхан қырғызстандық Андрей Ароновтан 6:0 есебімен басым түсті.
65 келі салмақ дәрежесі бойынша бозкілемде бағын сынаған Мұхтар Санжар палестиналық балуанды мерзімінен бұрын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Ал, 57 келіде белдескен Мейрамбек Қартбай ширек финалда өзбекстандық Нодирбек Жұманазаровтың жолын кесті.
Өкінішке қарай, 79 келіге дейінгі салмақтағы биылғы ел чемпионы Азамат Өміржанов алғашқы айналымда Биамбадорж Енхбаярдан (Моңғолия) жеңіліп қалды.