Кәсіби бокс

Бапкер мен боксшы ұшақта мас бұзақыны "орнына қойды"

Бапкер мен боксшы ұшақта мас бұзақыны
Видеодан кадр

Бокс бапкері Артур Калита мен оның шәкірті Павел Куборский Эфиопиядан Ресейге бағыт алған ұшақтағы бұзақыны тәртіпке келтірді, деп жазады Ресейдің бокс федерациясы баспасөз қызметі.

Ұшаққа ішіп алған бір топ адам кіріп, олардың бірі таң атпастан жолаушылар арасымен арлы-берлі жүріп, адамдарды ұра бастаған екен. Осы кезде Артур мен Павел бірден бұзақының қолын бұрап, тәртіпке келтіріпті.

Ал Мәскеуге жеткенде бұзақыны полицияға тапсырылды.



Басқа спорттық жаңалықтар