Бокс

Астанадағы турнирде 66 келідегі финалда Богданова жеңіске жетті

Астанадағы турнирде 66 келідегі финалда Богданова жеңіске жетті
Сурет: Сали Сабиров

Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде әйелдер арасында 66 келі салмақтағы жеңімпаз есімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл салмақтағы финалдық сында Наталья Богданова мен Жасмин Қизатова кездескен болатын. Төрешілер шешімімен бұл жекпе-жекте Богданова жеңіске жетті.

Наталья Богданова бұл маусымда үшінші рет Олимпиадаға іріктеу турниріне қатыспақ. Ол Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары мен Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирде бақ сынаған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар