Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыратлет әлем кубогінде жүлдеге бір табан жетпей қалды

Қазақстандық ауыратлет әлем кубогінде жүлдеге бір табан жетпей қалды
instagram.com/iwfnet/

Таиландта өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Айсамал Сансызбаева өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ауыр атлет В тобында 4-орынға табан тіреді. 87 келіде сынға түскен Сансызбаева екі жаттығу қорытындысы бойынша 235 келіні еңсерген.

Айсамал Сансызбаева 2021 жылы Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Айта кетелік, әзірге қазақстандық зілтеміршілерде Олимпиада жолдамасы жоқ.

Басқа спорттық жаңалықтар