Бокс

Бүгін Астанадағы турнирдің финалында төрт жұп боксшы айқасады

Бүгін Астанадағы турнирдің финалында төрт жұп боксшы айқасады
instagram.com/boxingkazakhstan/

Бүгін Астанадағы спаррингтік турнирдің финалдық жекпе-жектері өтеді. Жеңіске жеткен боксшылар Бангкокта өтетін Олимпиаданың соңғы іріктеу жарысына қатысады.

Қазіргі таңда ерлер құрамасында 63,5 келіден өзге салмақтарда жолдама бар. Тек осы салмақта ғана әзірге лицензия бұйырмады.

Ал әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова ғана Олимпиадаға барады. Бангкокта өзге де боксшы қыздар жолдамаға таласатын болады.

Турнирдің тікелей көрсетілімін сағат 16:00-де Qazsport арнасынан көре аласыздар. Ендеше бүгін лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігі үшін мына боксшылар таласады:

Ерлер

63,5 кг: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Дулат Бекбауов. 

Қыздар

54 кг: Ұлжан Сәрсенбек – Сымбат Әлиасқар;

66 кг: Наталья Богданова - Жасмин Кизатова;

75 кг: Валентина Хальзова - Гүлсая Ержан. 

Басқа спорттық жаңалықтар