Бокс

Бүгін Астанадағы спаррингтік турнирде жеті жұп айқасады

Бүгін Астанадағы спаррингтік турнирде жеті жұп айқасады
Instagram/serik_temirzhan

Бүгін, 9 сәуір Астанада қазақстандық боксшылар арасында Бангкокта өтетін лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігі үшін өтіп жатқан спаррингтік турнирдің жартылай финалы болады.

Жекпе-жектер Астана уақытымен 16:00-де басталады. Qazsport жартылай финалдық кездесулерді тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

 63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Жандос Қарабалиев; Серік Теміржанов - Дулат Бекбауов;

Бұрымдылар арасында,

54 келі: Ұлжан Сәрсенбек - Жайна Шекербекова; Сымбат Әлиасқар - Анель Сақыш;

66 келі: Милана Сафронова - Наталья Богданова; Лаура Есенгелді - Жасмин Қизатова;

75 келі: Гүлсая Ержан - Жібек Жарасқызы.

Басқа спорттық жаңалықтар