Теннис

Қазақстандық теннисші қыз Еуропадағы турнирде абсолют чемпион болды

Қазақстандық теннисші қыз Еуропадағы турнирде абсолют чемпион болды
ҚТФ

Қазақстандық Әдемі Әлсейпулова Албания астанасы Тиранада өткен Tennis Europe Tirana Open U12 турнирінің абсолют чемпионы атанды.

Жас теннисші алдымен ресейлік Арина Сыроежкинамен бірге жұптық сында үздік шықты. Содан кейін жекелей сында финалда тартысты матчта камбэк жасап, белоруссиялық Мария Микалайчикті 4:6, 6:3, (10:5) есебімен ұтты.

Осы жарыста Темірлан Жантеміров жұптық сында поляк Юлиан Зейбамен бірге финалға дейін жетті.

Басқа спорттық жаңалықтар