Бокс

Қазақстанның бокс федерациясы Геннадий Головкинді құттықтады

Қазақстанның бокс федерациясы Геннадий Головкинді құттықтады
ҚР ҰОК

Қазақстанның бокс федерациясы (ҚБФ) туған күніне байланысты Геннадий Головкинді құттықтады. Бүгін, 8 сәуірде атақты боксшы 42 жасқа толды.

"Бүгін қазақ боксының аңызы, даңқты тұлға, әуесқой бокста Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған, кәсіпқой бокста мүмкін болған чемпиондық белбеулердің барлығын біріктірген, бүгінде Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкиннің туған күні.

Құрметті Геннадий Геннадьевич, Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық бақыт және сарқылмас қуат тілейміз! Ел спортының игілігі жолындағы әрбір бастамаңыз баянды болсын!", - делінген хабарламада.


Басқа спорттық жаңалықтар