Теннис

Недовесов ATP рейтингінде өз рекордын жаңартты

Недовесов ATP рейтингінде өз рекордын жаңартты
ҚТФ

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сындағы рейтингін жаңартты.
Жаңа тізімде қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов карьерасындағы рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Португалиядағы Эшторил ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанған қазақстандық теннисші 44-тен 39-орынға көтерілді. Бұған дейін А.Недовесовтің үздік көрсеткіші 43-саты болған еді.

Тағы бір қазақстандық Андрей Голубев 68-ден 78-ге төмендеді.

Жекелей сында Александр Бублик 18-орнын сақтап қалса, Александр Шевченко 56-дан 55-ке жоғарылады. Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингіде 139-дан 143-ке, Денис Евсеев 181-ден 186-ға сырғыса, Мехико челленджер жарысының ширек финалына дейін жеткен Бейбіт Жұқаев ТОП-200-ге (+9, 192) қайта кірді. Бейбіт өзінің үздік көрсеткішін (186) жаңартуға жақын тұр.

Сондай-ақ Дмитрий Попко 240-тан 236-ға, Италиядағы Барлетта челленджер додасының ширек финалында сүрінген Тимофей Скатов 277-ден 267-ге жоғарылады.

Басқа спорттық жаңалықтар