ММА
Шавкат Рахмоновтың салмағы. Шешен "Бөрі" мен әйгілі Усманның айқасы үш раундқа созылды
Абу-Дабиде өткен UFC 294 турнирінде ММА сүйер қауым қызыға күткен Камару Усман (20-4) мен Хамзат Чимаев (13-0) арасындағы жекпе-жек өтті.
Ұйымның бұрынғы чемпионы 36 жастағы тегі нигериялық Камару мен 29 жастағы Борз (Бөрі) лақап атты, тегі шешен Чимаевтің айқасы толық үш раунд өтті. Оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Хамзатқа берді - 29:27, 29:27, 28:28.
Осылайша, жартылай орта салмақта жұдырықтасатын (қазақстандық Шавкат Рахмонов та осы дивизионда) Чимаев 13 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп отыр. Ал Усман осымен қатарынан үшінші айқасында жеңілді, оның бірі орта салмақта.