Дзюдо
Астаналық пара дзюдошы «Grand Prix – 2024» турнирінде жүлде жеңіп алды
Telegram/Madeniet_zhane_sport_ministrligi
Түркияның Анталья қаласында өткен пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» турнирінде астаналық Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР пара дзюдо федерациясы.
Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке іліккен. Ол – халықаралық турнирде ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі.
Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.