Гимнастика

Қазақстан құрамасы Болгариядағы көркем гимнастикадан жарыста екі жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Болгариядағы көркем гимнастикадан жарыста екі жүлде жеңіп алды
Ұлттық олимпиадалық комитет

Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күні Ұлттық құрама 2 жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Әуелі топтық жаттығудан көпсайыста 57.950 ұпай, сосын 5 шығыршықпен өнер көрсетуде 31.900 ұпай жинап, екеуінде де Аустралия-2 құрамасынан кейінгі сатыға жайғасты.

Ал 3 лента және 2 доп жаттығуында төрешілерден 25.700 балл алып, жүлдеге бір табан жетпей 4-сатыға тұрақтады. Команда сапында Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, София Ан, Мария Корниенко, Аяулым Кәдір өнер көрсетті.

Айта кетейік, София қаласындағы жарыс 7 сәуірде аяқталады.

Басқа спорттық жаңалықтар