Футбол

ҚФФ өкілі Адиевтің келісімшартына қатысты сұраққа жауап берді

ҚФФ өкілі Адиевтің келісімшартына қатысты сұраққа жауап берді
ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Рохус Шох Sport 24 порталына берген сұхбатында ұлттық құрама бапкері Магомед Адиевтің болашағына қатысты сұраққа жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін Адиев РПЛ-де өнер көрсететін грозныйлық "Ахмат" командасын жаттықтыра бастайтыны туралы ақпарат тарады. Сонымен бірге, ол Қазақстан құрамасында қалады деген де мәлімет шықты.

- ҚФФ Магомед Адиевпен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр ма?

- Бұл сұраққа Магомед Адиевтің өзі жауап береді. Бұған жауапты ол ғана бере алады.

Басқа спорттық жаңалықтар