ММА

Махачев Волкановскиді бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

Махачев Волкановскиді бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев (25-1) Абу-Дабидегі UFC 294 тутрнирінде титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.


Аустралиялық Александр Волкановскимен (26-3) жекпе-жек бес раундқа есептелген болатын, алайда Махачев бірінші раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл осы спортшылар арасындағы екінші кездесу болды. Ислам екеуінде де жеңіске жетті, алғашқысында төрешілер шешімімен басым түскен. 


Айта кетейік, бұл 31 жастағы Исламның чемпиондық атағын екінші рет қорғауы. 

Басқа спорттық жаңалықтар